Елорда • Бүгін, 17:11

Биыл Астанадағы алты мектеп күрделі жөндеуден өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын елімізде кемінде 1000 мектеп жеті бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді. Бұл бастама ауыл мен қала арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жаңғырту жұмыстары жеті негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл Астанадағы алты мектеп күрделі жөндеуден өтті

Фото: gov.kz

Президент 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі Жолдауында үш жыл ішінде 1300 мектептерді қайта жаңартуды тапсырған болатын. 

Жаңғырту аясында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды, қауіпсіздік жағдайлары қарастырылған.

«Осы орайда Астана бойынша 2025-2027 жылдарға 22 мектепті жаңарту жоспары бекітілген. 2025 жылы 6 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Ал 2026 жылы 8 мектеп, 2027 жылы 8 мектеп жаңартудан өтеді», деді Астана қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Білім басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні Астана қаласы бойынша жалпы білім беретін 196 мектеп бар, оның 115-і – мемлекеттік, (онда 236 986 оқушы білім алып жүр), 45 014 баланы қамтыған 74 жеке мектеп және 6 мыңнан астам оқушыны оқытатын 7 республикалық мектеп, елорда бойынша барлығы 288 279 оқушыны қамтиды.

Қасымхан Сенғазыұлының айтуынша, бекітілген жоспарға сәйкес 2025 жылы 6 мектеп №1, №14, №21, №35, №61, №69 қайта жаңартылған. 

Бұл мектептер 2000 жылдарға дейін салынған және соңғы 5 жылда күрделі жөндеуден өтпеген, сондай-ақ, олардың материалдық-техникалық базасы тозғаны анықталған.