
Әкімдіктің мәліметінше, рейсті «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады. Аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Билет бағасы – 15 000 теңге. Жаңа бағыттың ашылуы тұрғындарға қолайлы әрі қолжетімді бағада сапарлауға мүмкіндік береді. Бірнеше жыл бұрын «Қарағанды – Семей» бағытындағы әуе қатынасы жабылып қалған еді. Соның салдарынан екі тараптың тұрғындары бір-біріне Астана арқылы пойызбен қатынайтын.
Қазірде «Семей – Алматы», «Семей – Астана», «Семей – Үржар», «Семей – Қарағанды» бағыттары бойынша әуе рейстері бар. Рейстерді «FlyArystan», «Оңтүстік аспаны», «SCAT» әуе компаниялары жүзеге асырады.
Жаңа бағыт республикалық бюджеттен бөлінген субсидияның арқасында, Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің, Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр.
Абай облысы