Спорт • Бүгін, 11:05

Алматы жаңа мәртебеге ие болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 қыркүйек күні Әзербайжанның Гянджа қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Алматы жаңа мәртебеге ие болды

Фото: Максим Золотухин

Кеңес отырысында Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы мәртебесін иеленді. 

Іс-шараға Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрі Фарид Гаибов, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан спорт ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты. 

«ТМД спорт астаналары» мемлекетаралық бағдарламасы аясында халықаралық форумдар, жарыстар, жастар және инклюзивті бастамаларды өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, 28 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Әзербайжанда ТМД-ның III Ойындары өтіп жатыр. Ұлттық құрама 18 спорт түрі бойынша бақ сынап жатыр

Соңғы жаңалықтар