Қоғам • Бүгін, 10:26

Мүгедектікті сырттай анықтау бойынша 78 мыңнан астам өтінім қаралды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл басталғалы бері мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінен 78,8 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүгедектікті сырттай анықтау бойынша 78 мыңнан астам өтінім қаралды

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралған, бұл куәландырудан өткен мүмкіндігі шектеулі жандардың жалпы санының 37,4%-ын құраған.

Еске салайық, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін және сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырғаны мәлім.

Сол тапсырманы орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, барлық 20 өңірде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асырып жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінще мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Сырттай куәландыруға көшу:

- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;

- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;

- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.