
Фото: Ақорда
«Digital Bridge 2025 халықаралық форумына қош келдіңіздер! Ең алдымен, осы маңызды жиынға қатысу үшін арнайы келген меймандарға шынайы ризашылығымды білдіремін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы алқалы жиынға Мажарстанның Президенті Жоғары Мәртебелі Тамаш Шуйоктің қатысып жатқанын ерекше атап өтті.
«Құрметті Президент мырза, елімізге ресми сапармен келіп, форумға қатысып отырғаныңызды жоғары бағалаймын. Сіздің идеяларыңыз және бастамаларыңыз цифрлық технология саласындағы халықаралық серіктестікті нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенемін.
Бүгінде «Digital Bridge» өте маңызды пікір алмасу алаңына айналды, бұл жерде жаһандық өзгерістер мен цифрлық экономиканың болашағы туралы өзекті ойлар айтылып, маңызды бастамалар көтеріледі. Осы уақыт ішінде форум жұмысына 67 мыңнан астам адам, 500-ден аса ІТ-компания және 100 елдің өкілі қатысты. Қазақстан Еуразиядағы негізгі цифрлық хаб ретінде алдағы уақытта да осы маңызды жұмысты жалғастыра береді», деді Мемлекет басшысы.