Сауда • Бүгін, 19:14

Тауарларға енді екі түрлі баға қойылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде сатушылар қолма-қол ақшаға алғанда бір баға, бөліп төлеуге сатып алынған жағдайда екінші баға көрсетуге міндеттелді, деп жазады Egemen.kz.

Тауарларға енді екі түрлі баға қойылады

Сауда және интеграция министрі аталған мәселеге қатысты тиісті құжатқа қол қойды. Бұйрық 11 қазаннан бастап күшіне енеді.

«Сатушы (оның ішінде интернет-дүкен) сатып алу-сату шартын жасасар алдында тұтынушыға тауарды өз қаражаты есебінен бөліп төлеу арқылы өткізу және бір реттік төлем арқылы өткізу кезінде оның бағасын бөлек көрсете отырып, тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет), оның құны, төлем рәсімі, жеткізу шарттары мен құны, кепілдік мерзімі (ол болған кезде) туралы ақпарат береді», делінген бұйрықта.