
Эстафета аясындағы тазалық жұмыстарына «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері, еріктілер, Жаңақорған ауданындағы ауылдар белсенділері де үлес қосты. Іс-шара аясында «Open Air» форматында жастармен еркін форматта кездесу ұйымдастырылып, онда экосана, еріктілік және болашаққа жауапкершілік сынды маңызды тақырыптар талқыланды.
Алда эстафетаға қатысушылар Жаңақорғаннан Шиелі ауданына «Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» күре жолы бойын тазалай отырып жетеді. Әрі қарай Шиелі ауданынан Қызылорда бағытына қарай жол жиегіне тазалық ұйымдастырады. Эстафета Қызылорда қаласында қорытындыланады.