
Фото: Oqu-agartu ministrligi
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше жалпы саны 31 000-нан астам оқушы кәсіби дағдымен қамтылмақ. 2025-2026 оқу жылында техникалық және инженерлік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы және экология, көлік және логистика, қызмет көрсету саласы, шығармашылық және мәдениет, медицина және әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары бойынша бейіндік сыныптар ашылып жатыр.
Бейіндік сыныптар 9, 10, 11 сыныптардың оқушыларына арналып, өңірдегі жұмысшы мамандықтар немесе өзге де салалар бойынша кадр тапшылығын айқындайтын әрі сол мамандықтарға бағыттайтын бейіндік мазмұнда жұмыс істейді. Оған жоғары оқу орындары, колледждер және жұмыс берушілер де атсалысады. Бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге болады.