Футбол • Бүгін, 16:00

Шерхан Қалмұрзаға ректорлық білім беру гранты берілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Шерхан Қалмұрзамен жүздесіп, «Қайрат» футбол клубының қақпашысына ректорлық білім беру грантын табыстады, деп жазады Egemen.kz.

Шерхан Қалмұрзаға ректорлық білім беру гранты берілді

Фото: gov.kz

Шерхан Қалмұрза бұған дейін академияда ақылы негізде білім алып жүрген. Саясат Нұрбек кездесуде  бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталып, сондай-ақ жоғары білімнің болашақ ұрпақты қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. 

«Барлық спортшы халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуы қажет екенін атап өткім келеді. Бұл оларға спорттағы жоғары жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар спорттық мансабын аяқтағаннан кейін де түрлі салаларда қалыптасуға мүмкіндік береді. Жас қақпашының көрсеткен тарихи нәтижесі – бүкіл қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі. Оны осы жетістігімен құттықтаймын және алдағы ойындарда сәттілік тілеймін!»,  деді Ғылым және жоғары білім министрі.

ааа

Шерхан Қалмұрза көрсетілген ілтипатқа ризашылығын білдіріп, Қазақстандағы футболдың дамуына үлес қосуға ниетті екенін жеткізді.