
Фото: Polisia.kz
Ақмола облысының үш тұрғыны түнгі уақытта екі биені және бір сиырды орманға апарып сойып, етін көлікпен алып кеткен.
Тәртіп сақшылары жедел іздестіріп, жануарлардың терілерін және трассаға апаратын іздерді тапқан және бейнебақылау камералары арқылы күдіктілердің жеке басы анықталған.
Тінту кезінде арқан, жүген және шамдар тәркіленіп, ал делдалдардан бөлшектелген мал еті табылған. Ұрланған етті күдіктілер сатып үлгерген.
«Тергеу барысында олардың бұған дейін де ұқсас қылмыстар үшін жауапқа тартылғаны анықталды», делінген хабарламада.