Қоғам • Бүгін, 11:50

Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімін қысқа дейін ұзартты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында 7 бағытқа билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімін қысқа дейін ұзартты

Фото: egemen.kz

Билеттерді жеңілдікпен www.bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе вокзалдағы билет кассаларынан алуға болады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет саны шектеулі екенін ескертіп отыр. 

Ал билет бағасы мына бағыттарға жеңілдікпен ұсынылады: 

- № 9/10 «Астана – Алматы»

Вагон түрі: отыратын (2С)

40%  жеңілдік пойыз жөнелтілуіне 45-тен 10 күнге дейін сатып алынған орындарға қолданылады.

- № 65/66 «Астана – Жезқазған»

Вагон түрі: туристік (2Д)

Бұл бағытта 25% жеңілдік купелік орындарға беріледі.

  • № 67/68 «Астана – Өскемен»

Вагон түрі: туристік (2Д)

Жеңілдік: 30% — үстіңгі орындарға

  • № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»

Вагон түрі: купе (2К)

Жеңілдік: 25% — үстіңгі орындарға;

  • № 351/352 «Алматы – Өскемен»

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: 30% — үстіңгі орындарға;

  • № 691/692 «Атырау – Ақтөбе»

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: 20% — үстіңгі орындарға.

Күн сайын қатынайтын пойыз:

  • № 11/12 «Алматы – Шымкент»

Вагон түрі: туристік (2Д)

Бұл бағыт жолаушыларына да 25% жеңілдік ұсынылады. 

Жеңілдік: 25% — купелік орындарға.