
Сурет: alashaqparat.kz
Президент тапсырмасы бойынша Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу жобаларын жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл ақша қайтарылған активтер қаражаты есебінен алынды.
Жобалар жалпы Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдарды қамтиды. Аталған шараларды жүзеге асыру Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмысқа топтық сумен жабдықтау жүйелеріне қосу да, ауылішілік желілерді салу да кіреді.
Нысандар құрылысын аяқтау мен оларды пайдалануға беру осы жылдың аяғына жоспарланған.