
Фото:depositphotos.com
Министрдің сөзінше, алкоголь – елдегі криминоген жағдайға әсер ететін негізгі факторлардың бірі, жыл сайын мас күйде 10 мыңға дейін қылмыс жасалады екен.
Ішкі Істер министрлігі ішімдікті интернет арқылы сатуға толық тыйым салуды ұсынды. Одан бөлек:
-ішімдікті тек арнайы дүкендерде сату («алкомаркеттерде»);
-лицензия беру ережелерін қатаңдату және олардың санын шектеу ұсынылды.
«Ойын-сауық орындарында ішімдік сату уақытын шектеу қажеттілігі туындады. Мұндай нысандарда мас күйде 1 400-ден аса қылмыс жасалған, оның ішінде үшеуі – кісі өлтіру», деді ІІМ басшысы.