
Велошеру — Қазақстан велоспорт федерациясы мен «Қазақмыс корпорациясы» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асқан спорттық бастаманың бірі.
Велошеру Сәтбаев қаласындағы «Ulytau Mall» сауда орталығының алдынан басталып, Жезқазған қаласындағы Алашахан алаңында мәреге жетті.
Әуесқой спортшыларды Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, Қазақстан велоспорт федерациясының атқарушы директоры Виталий Мозуренко және «Жезқазған тау-кен өндірісі» ЖШС бас директоры Асқар Құйқабаев құттықтады.
Оларға белсенділік танытқаны және спортқа деген қызығушылығы үшін естелік медальдар тарту етті.
Осындай игі бастаманың бұқаралық спортты дамытуда, өңір тұрғындары мен еңбек ұжымдары арасында салауатты өмір салтын насихаттауда маңызы зор.
Ұлытау облысы