Аймақтар • Бүгін, 16:43

Семей қаласының әкімі сайланды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қазанда өткен Абай облысына қарасты Семей қаласының әкімін сайлау қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семей қаласының әкімі сайланды

Фото: semey24

Сайлау қорытындысы бойынша Әділет Қожанбаев 77,1% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Оның қарсыластары Қаныш Төлеуов 10,8%, Айболат Бекжасаров 8,4% дауыс жинаса, 3,7% адам барлығына қарсы дауыс берген.

Еске салайық, Семей тұрғындары қала басшысын тікелей дауыс беру арқылы таңдады.