«Таза Қазақстан» • Кеше

«Таза Қазақстан» – рухани тазалыққа үндейді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында өткен сенбі күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ардагерлер ұйымы, жергілікті ақын-жазушылар, студенттер, «Еріктілер кеңесі», кітапханалар мен мелекеттік қызмет агенттігінің қызметкерлері қатысқан  сенбілік болып, қаланың алаңдары мен скверлері қоқыстан тазартылды және ағаштар отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» – рухани тазалыққа үндейді

Соның ішінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған қалың топ Мағжан алаңына шыршалар отырғызды. «Көпшілік қолға алып отырғызылған ағаштар қаланың экологиялық ахуалын жақсартумен қатар жастарға қоршаған ортаны таза ұстауға үндейді», дейді Ардагерлер ұйымының төрағасы Ескендір Елеусізов. Бұл күні қаланың басқа өңірлерінде де осындай шаралар жүргізілді.

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше