
Сурет: gov.kz
Мемлекеттік құрылысымыздың «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» басты формуласы өзгеріссіз қалады. Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның шамамен 40 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болады. Сондай-ақ шамамен 10 Конституциялық заңға және 50 кодекс пен заңға өзгерістер енгізу талап етіледі.
Жұмыс тобының міндеті – парламенттік реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сол ұсыныстардың негізінде Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы дайындалып, кейін республикалық референдумға шығарылады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, түптеп келгенде алдағы өзгерістер мен толықтырулардың ауқымы жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей.
Ерлан ҚАРИН,
Мемлекеттік кеңесші