Заң • Бүгін, 12:30

Қамаудан босап шыққандар әкімшілік қадағалауға алынады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа бірыңғай заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды, деп жазады Egemen.kz.

Қамаудан босап шыққандар әкімшілік қадағалауға алынады

Фото: gov.kz

Заң жобасында жеке профилактикаға ерекше мән беріліп отыр.  Құқық бұзушылықты ерте анықтау және алдын алу үшін қосымша жеке шаралар енгізіледі.

Бұл қатарда ресми ескертулер, цифрлық отбасы картасы арқылы жеке тұлғаларды тіркеу, кәмелетке толмағандарға тәрбиелік қолдау көрсету және ықтимал құрбандармен байланысқа тыйым салу шаралары бар.

Мұндай қадамдар қауіпке дер кезінде ден қоюға және бұзушылықтардың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді. Жеке алдын алу шаралары қолданылатын құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғалардың тізімі кеңейтіледі. Құқық бұзушылық жасау ықтималдығы жойылғанға дейін «қасақана құқық бұзушыларға» қатаң профилактикалық шаралар қолданылады. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған барлық тұлғаларға әкімшілік қадағалау енгізіледі. (қазіргі уақытта бұл тек педофилдерге, лаңкестерге және қайталап қылмыс жасағандарға қатысты).

Бұл шара олардың әлеуметтік нормалар мен оңалту шарттарын сақтауын бақылауға мүмкіндік беріп, әлеуметтік оңалту олардың дұрыс жолға түсуіне көмектеседі.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше