
Кейбір адамдарда ес ерекше дамыған. Мысалы, америкалық Джилл Прайс 14 жасынан бергі әр күнін қай күні не істегенін, кіммен кездескенін егжей-тегжейлі айтып бере алады. Бұл құбылыс ғылымда гипертимезия (HSAM) деп аталады. Дегенмен мұндай адамдардың да күнделікті істердегі жады басқалармен бірдей олардың ерекше қабілеті көбіне өз өміріне қатысты естеліктермен шектеледі.
Ал ұмыту мидың әлсіздігі емес, керісінше, табиғи қорғаныс механизмі. Эббингауз ұсынған «ұмыту қисығы» бойынша, уақыт өткен сайын ақпараттың бір бөлігі есте сақталмай қалады. Дегенмен үш фактор есті нығайтады: эмоциямен байланыс, мағына беру және қайталау.
Дайындаған – Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті