
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұған агротехнологияларды жетілдіру, техниканы жаңғырту және өсімдік шаруашылығында жаңа тәсілдерді қолдану сияқты нақты қадамдар ықпал етті.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше майлы дақылдарды жинау да табысты жүзеге асып жатыр. Бүгінде 684,0 мың гектар алқаптан 791,3 мың тонна өнім жиналған, орташа өнімділік гектарына 11,6 центнерді құрады. Майлы дақылдардан 1,0 млн тоннаға дейін рекордтық өнім алу межеленген. Олай болғанда бұл өңір тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болмақ, бұл – ел ішінде де, сыртқы нарықтарда да майлы дақылдарға деген сұраныс артып тұрған кезеңде ерекше маңызды.
Сонымен қатар, 8,6 мың гектар жерден 135,9 мың тонна картоп жиналды (өнімділік – 158,2 ц/га).
Көкөніс дақылдарының өнімділігі гектарына 137,8 центнер деңгейіне жетті.
Орақ науқаны барысында белгілі болғандай, өңірдің агроөнеркәсіп кешені табысты дамып келеді.