Қоғам • Кеше

Автобус паркі 24 қоғамдық көлікпен толықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығы Тараз қаласының аумағы кеңейген сайын қоғамдық көлікке де сұраныс артып отыр. Тұрғындардың тілегіне назар аударған жергілікті атқарушы билік автобус паркін 90 орындық 24 автобуспен толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автобус паркі 24 қоғамдық көлікпен толықты

Тараз қаласы әкімдігінің мәліметінше, сатып алынған автобустардың 14-і №50 маршрутқа қызмет көрсетеді. Бұл маршрут Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылынан басталып, «Ауыл-Береке» базары, Төле би, Жамбыл даңғылдары, Сүлейменов, Тұрысов, Шостакович және Б. Момышұлы көшелерін қамтиды. Автобустардың қозғалыс жиілігі – 13 минут.

Ал қалған 10 автобус №3 маршрутқа бағытталған. Бұл маршрут Шайқорық, Танты алаптарынан басталып, «Ұлы Дала» шағынауданы, Сүлейменов, Желтоқсан, Төле би, Б. Момышұлы, Шостакович, Саңырақ батыр көшелерін қамти отырып, «Арай», «Арай-2» шағынаудандары мен «Бәйтерек» шағынауданындағы қалалық және облыстық балалар ауруханасына дейін қатынайды. Бұл бағытта автобустар әр 12 минут сайын жүреді.

Қазіргі таңда қалалық жолаушылар тасымалына 8 мекеме қызмет көрсетіп отыр. Қосымша бағыттар ашу нәтижесінде маршруттар саны 43-тен 45-ке дейін артты. Қаладағы жылжымалы құрам саны 492 автобусқа жетті.