
Фото: Qazaqstan TV
Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың демалысын тиімді өткізу үшін «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынып отыр.
Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
«Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы;
«Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;
«Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыруға кеңес берілген.
«Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет», делінген министрлік хабарламасында.