
Фото: istockphoto.com
Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар тариф мөлшерін анықтау кезінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін және қолданыстағы сумен жабдықтау қызметтерінің бағасын ескеруге тиіс.
«Қазір әкімдіктер халық үшін нақты төлем көлемін айқындау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, субсидиялау қағидаларына сәйкес, тұрғындар ауызсу қызметі үшін бекітілген тариф бойынша төлейді», деді ол.
Сонымен қатар комитет басшысы суды тұтыну нормасын сақтау маңыздылығын атап өтті. Белгіленген норматив — бір адамға тәулігіне 140 литр. Егер тұтыну осы межеден асса, артық көлем үшін төлем мөлшері 30 пайызға жоғары белгіленеді.