Қазақ хандығының 550 жылдығына орай маусым айының 19-ы мен 21-і аралығында Жамбыл-Шу-Мойынқұм аудандарында фотоэкспедиция өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті мен «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі. Игі бастамаға қолдау көрсеткен Жамбыл облысының әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы.
Фотоэкспедицияның алғашқы күнінде баспасөз мәслихаты өтті. Басқосуды ашқан экспедиция кезінде бірге жүріп, жол көрсеткен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Әшімұлы шараның ел тарихын танып-білуде маңызы зор екенін тілге тиек етті. Жиын барысында журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы облыстың ақпарат саласында еңбек етіп жүрген басшыларына диплом мен сыйлықтар табыс етті. Фотосапарға еліміздің әр өңірінен, Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау, Жамбыл аудандарынан фототілшілер мен жас мамандар қатысты.
Сонымен, экспедиция Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан Ақыртас сарай кешенін фотоға түсіруден басталды. VIII ғасырда іргесі қаланған тасты қала Ақыртас сарай, Керуен сарай, Төрткүл, Қарауыл мұнарасы, обалар сынды сәулеттік-археологиялық кешендерден тұрады. Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырға ұқсас болғандықтан, Ақыртас деп аталған. Суреттері бірге тасқа қашалып бейнеленген. Бұл таңбалар қазақтың көшпелі халық екенінің тағы бір дәлелі.
Жолдың ұзақтығына байланысты фотосуретшілер Жайсаң жазығындағы балбал тас мүсіндерді түнгі кезеңде түсірді. Мүсіндегі адамның құлағында сырғасы, қолында қанжары мен құмырасы бар.
Әр тасы тұнған тарих, қасиетті Жамбыл жеріндегі фотоэкспедиция қызықты жалғасты.
Назерке СӘНДІБЕК.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентін салтанатты түрде қарсы алды
Қазақстан • Бүгін, 12:00
Үндістандағы табиғи апат: Жойқын дауылдан 89 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 11:59
«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Түркия Президентімен кездесуінен фото жариялады
Президент • Бүгін, 11:43
Ел тұрғындарының алкогольге жұмсайтын шығыны 15,2 пайызға азайды
Қоғам • Бүгін, 11:35
Алакөл шомылу маусымына дайын: Жағалауды енді дрондар бақылайды
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«30 минуттық қуат»: BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?
Қоғам • Бүгін, 11:10
Трамп пен Си Цзиньпин Пекинде кездесті
Әлем • Бүгін, 10:22
Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікпен ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:07
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Қазақтың қымызы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды
Өнім • Бүгін, 09:53
Қазақстанда 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Пікір • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Білім • Бүгін, 09:35
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:27