
Фото: primeminister.kz
«Базалық нұсқаға сәйкес, 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,4%-ды, 3 жылдағы орташа жылдық өсуі 5,3%-ды құрайды. Номиналды жалпы ішкі өнім 2026 жылғы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсудің есебінен қамтамасыз етіледі», деді Серік Жұманғарин.
«Үш жылдағы орташа өсім тау-кен өнеркәсібінде – 2,8%-ды, ауыл шаруашылығында – 3,9%-ды, құрылыста – 11%-ды, көлік қызметтерінде – 10,1%-ды, саудада – 6,7%-ды құрайды. Экспорт 2026 жылғы $77,1 млрд-тан 2028 жылы $83,7 млрд-қа дейін, импорт $67,7 млрд-тан $75,2 млрд-қа дейін өседі деп болжануда», деді вице-премьер.