
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 128-бабының 1-бөлігімен видеодағы сол азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сот Т. футбол алаңында өзінің кәмелетке толмаған ұлын кәмелетке толмаған Н.-мен төбелестіріп, оларды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартқанын дәлелдеді. Ол кінәсін толық мойындап, өз әрекетіне өкінетінін, кәмелетке толмаған алты баласының барын айтып, өзіне кешіріммен қарауды сұраған.
Сот қаулысымен бала төбелестіргіш Т.-ға 137 620 теңге айыппұл жазасы тағайындады.