Спорт • Бүгін, 17:40

Қазақстан триатлоншысы Азия додасында күміс еншіледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бахрейнде триатлоннан өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Рамазан Айнегов күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан триатлоншысы Азия додасында күміс еншіледі

Фото: Qazsporttv

«Суперспринт» бағдарламасында ел намысын қорғаған екі спортшының бірі Артем Бедрин жетінші орын алса, Рамазан Айнегов мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс жүлдегер атанды.

Жеңімпаз қытайлық Ли Янсон, ал үздік үштікті оңтүстіккореялық Ву Хён Кан түйіндеді.