Медицина • 23 Қазан, 2025

Алматыда 46 медициналық нысан салынып, жөнделіп жатыр

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов мәлімдеп отырғандай, алматылықтардың денсаулығын қорғау – қала әкімдігінің басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта 2030 жылға дейін мегаполисте 32 жаңа және 14 ескі медициналық нысанды жаңғыртуды қамтитын 46 денсаулық сақтау мекемесін дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, деп жатыр Egemen.kz.

Алматыда 46 медициналық нысан салынып, жөнделіп жатыр

Фото: pinterest.com

Барлық жаңа нысандар заманауи стандарттарға сай салынып, клиникалық-диагностикалық орталықтармен жабдықталады. Бұл медициналық қызметтердің әр тұрғынға қадамдық қолжетімді болуын қамтамасыз етпек.

Қазірдің өзінде қалада 8 жаңа медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр.
Сонымен қатар, үш нысанда сейсмикалық күшейту, қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Оларды биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Келесі жылы тағы 30 нысанның құрылысы басталады. Олардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген.

«Мақсатымыз – әрбір тұрғын өз үйінің жанында сапалы медициналық көмек ала алатындай жағдай жасау. Барлық жобалар қолайлылық пен заманауи қызмет көрсетуге бағытталған», дейді қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35