Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін жарыстың жүлде қоры 115 000 АҚШ долларын құрап отыр. Республикалық үстел теннисі федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, турнирде Оңтүстік Корея, Қытай, Мысыр, Мажарстан, Малайзия, Иран, Сауд Арабиясы, басқа да мемлекеттерден келетін 250-ден аса ойыншы өнер көрсетеді. Олардың қатарында әлемдік рейтингте ТОП-100-дікке енген сақа спортшылар да бар. Жарыс жолына ересектерден бөлек, жастар мен жасөспірімдер де шығады.
Еліміздің намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Харки, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Мірқадырова, Жанерке Көшкімбаева, Әнел Бақыт сынды көптеген аса ірі халықаралық додаларда дараланған шеберлер қорғайды.