Осы мерекені Ұлытау облысының кітапханашылары да салтанатты түрде атап өтуде. Жезқазған гуманитарлық колледжінде Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Кітапханашылар күніне арналған «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты салтанатты жиын өтті.
«Жезқазған гуманитарлық коллледжінің» кітапханашысы Айнагүл Төлегенқызы, «Қарсақбай арготехникалық колледжінің» кітапханашысы Қыдыркүл Омарова, «Жезқазған жоғары медициналық колледжінің» кітапхана меңгерушісі Жібек Жалғасбаева, «Жезқазған тау-кен металлургиялық колледжінің» кітапханашысы Гүлжахан Болатбекқызы, «Сәтбаев индустриалдық колледжінің» кітапханашысы Сағыныш Мақажанова, «Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің» кітапхана меңгерушісі Шолпан Құрманаева, «Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің» кітапханашысы Айнұр Мендібаева, «Жезқазған музыкалық колледжінің» кітапханашысы Айгүл Рамазанқызы, «Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің» кітапханашысы Бақытжан Бейсекеева, «Қазақмыс» корпорациясы технологиялық колледжінің кітапханашысы Гүлсара Елемесова, «Жезқазған индустриалды – гуманитарлық колледжінің» кітапханашысы Юсуф Тұрсынғалиұлы, «Денсаулық» медициналық колледжінің кітапханашысы Гүлназ Бекзатқызы осы тағылымы мол кештің қадірлі қонағы болды.
Жезқазған гуманитарлық колледжінің директоры Айгүл Исахова кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Ұлытау облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы Аяулым Қахарманқызы Жезқазған тау-кен колледжінің кітапханашысы Гүлжахан Сүлейменованы, Қарсақпай аграрлық колледжінің кітапханашысы Қыдыркүл Омарованы және Сәтбаев индустриалды колледжінің кітапханашысы Сағыныш Мақажанованы марапаттап, еңбегіне табыс тіледі.
Кітапханашылар ұлттық құндылықтарды насихаттап, оқырмандар арасын жалғастыра береді.
Ұлытау облысы