Республика күні • 26 Қазан, 2025

Жетісуда 25 нысан пайдалануға берілді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика күні қарсаңында Жетісу облысында 25 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілді, деп жазады Egemen.kz.

Жетісуда 25 нысан пайдалануға берілді

Олардың қатарында мектептер, балабақшалар, спорт және денсаулық сақтау нысандары, сондай-ақ саябақтар мен балалар ойын алаңдары бар.

Атап айтқанда, Қаратал ауданының Алмалы ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Бұл жоба тұрғындардың өтініші бойынша жүзеге асқан. Мұнда балалар волейбол, күрес, үстел теннисі, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерімен айналысады.

Сонымен қатар, Панфилов ауданының Әулиеағаш ауылындағы 624 орындық мектеп күрделі жөндеуден өтіп, Үлкеншыған ауылында 120 орындық жекеменшік балабақша пайдалануға берілді.

Жаңа нысандардың ашылуы аймақ тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, білім мен спорт инфрақұрылымын дамытуға серпін берді.