Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:49

Сенат Төрағасы құқықтық мемлекеттің басты қағидаты туралы айтты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 24KZ телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында мемлекеттің құқықтық дамуының маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат Төрағасы құқықтық мемлекеттің басты қағидаты туралы айтты

Фото: Ашық дереккөз

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруда еліміздің өркендеуі және азаматтардың әл-ауқатының артуы басты нәтиже болуы тиіс екенін атап өтті.

«Құқықтық мемлекет – бұл заң, заңның үстемдігі. Бұл сонымен қатар барлық іс-әрекет, барлық қоғамдық қатынастар заң аясында жүзеге асуы тиіс дегенді білдіреді. Еліміз Президентінің «Заң және тәртіп» қағидаты осыдан келіп шығады. Барлығы заңға бағынуы керек. Заңның үстемдігі болуы тиіс. Содан кейін тәртіп болады, одан кейін мемлекеттің дамуы, елдің өркендеуі болады», деді Мәулен Әшімбаев.