Фото: Ашық дереккөз
Палата Төрағасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру екенін ерекше атап өтті.
«Еліміздің бұдан былайғы орнықты дамуы және экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін нарықтық реформалар жүргізу қажет. Осылайша, халықтың өмір сүру деңгейі артады. Жалақының, халықтың табысының өсуі қамтамасыз етіледі, жұмыс орындары ашылады, өнеркәсіп көлемі ұлғаяды. Сондықтан мемлекеттің экономикалық реформаларының мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру», деді Мәулен Әшімбаев.