Саясат • Бүгін, 16:58

АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының Қазақстанға сапары басталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді, деп жазады Egemen.kz.

АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының Қазақстанға сапары басталды

Фото: Ақорда

Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.

Бүгін Серджио Гор мен Кристофер Ландау Қазақстанда жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялар басшыларымен, іскерлік топ өкілдерімен кездесті.

Сондай-ақ олар Алматыдағы заманауи өнер музейіне, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені мен «Медеу» мұз айдынына барды.

Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай қарсы алды.

ыы

аа

ыы

чч