Аймақтар • 29 Қазан, 2025

Осакаров ауданында полицияның жедел басқару орталығы ашылды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық жүйесіне қоғамдық орындарда және аудан орталығының көшелерінде орнатылған 109 бейнебақылау камерасы қосылған, сондай-ақ мектептер мен балабақшаларда 900-ден астам камера біріктірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осакаров ауданында полицияның жедел басқару орталығы ашылды

Полиция қызметкерлері тәулік бойы нақты уақыт режимінде болып жатқан оқиғаларға мониторинг жүргізеді. Бұл оқиғаларға жедел ден қоюға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлімшенің ашылуына Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жанат Какажанов пен Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов қатысты.

Жақын арада жүйені кеңейту және адамдар көп жиналатын жерлерде жасанды интеллект элементтері бар зияткерлік камераларды орнату жоспарлануда.

Осакаровка тұрғындары жаңашылдықты оң бағалады.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025