Алғашқы голын ол 37-минутта соғып, есепті теңестірді — 1:1. Ал шешуші сәтте, 90+15-минутта, Роналду пенальтиден дәл соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады.
Осы дубльдің арқасында Роналдудың мансабындағы жалпы гол саны 952-ге жетті.
Бұл жеңістен кейін «Әл-Наср» Сауд Арабия чемпионатында көш басындағы орнын сақтап қалды.