Тексеру барысында сұр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар қарасора тұқымдасына жататын өсімдікке ұқсас екі түп табылып, тәркіленді. Сонымен қатар үй ауласынан диодты жарықпен, желдеткішпен, электр қуатын беруге арналған таймермен жабдықталған және қабырғалары арнайы қапталған фитозертхана анықталды.
- Бөлмені қарау кезінде тәртіп сақшылары өсімдік тектес жемістері бар бір үлкен қорап пен жапырақтары мен бұталары салынған екі полиэтилен қапты тәркіледі. Сараптама нәтижесінде бұл заттардың қарасора тұқымдас өсімдіктер болуы мүмкін екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіріп, сақтаған адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.