Саясат • Бүгін, 09:07

Әскери ынтымақтастық жөніндегі жиын

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Тәуелсіз Мемле­кеттер Достастығына мүше мемлекеттер қор­ға­ныс министрлері кеңесінің 85-отырысы өтті.

Әскери ынтымақтастық жөніндегі жиын

Іс-шараға Әзербайжан, Бела­русь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары және ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің хатшысы қатысты.

Дәстүр бойынша отырыс 28 гвар­­дияшы-панфиловшылар атын­дағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Әскер үйінде қонақтар Әскери-тарихи музейдің экспозициясымен танысты.

Отырысты аша отырып, Қазақстан Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов кездесу күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және сындарлы диалогті жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Жиын барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің 2025 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды.

Кеңеске қатысушылар ұлттық армиялардың жауын­герлік қабілетін дамыту мен нығайтудың негізгі бағыттарын талқылап, әскери қызметшілер­ді даярлау, радиациялық, химия­­лық және биологиялық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету сала­ларындағы тәжірибемен алмас­ты. Сондай-ақ жеке құрамды тәрбие­леудің маңызды бөлігі ретін­де әскери-патриоттық жұмыс­тың және жауынгерлер ер­ліктерін есте сақтаудың маңы­зы аталып өтті.

Отырыс қорытындысында қорғаныс министрлері Кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жос­парына және ынтымақ­тастықты одан әрі дамыту мен жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойды.