Фото: gov.kz
Оның ішінде мыңнан астам іс өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қатысты болған. Комиссия шешімімен отбасылардың сұранысына сай материалдық, психологиялық, құқықтық және медициналық көмек көрсетілген. Жұмыспен қамту және балалардың оқуын, демалысын ұйымдастыруға бағыт-бағдар берілген.
Арнайы жүргізілген рейд барысында балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған 21,8 мыңнан астам ата-ана жауапкершілікке тартылған. Сонымен бірге 107 мыңнан астам заңды өкіл кәмелетке толмаған балалардың түнде сыртта жүруіне жол берген. Ал 2 мыңға жуық кәсіпкер ойын-сауық орындарына балалардың кіруіне рұқсат берген. Заң бұзушылыққа көз жұма қарағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бүгінде елімізде балалардың құқықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу және отбасыларды қолдау бағытында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіретін 271 комиссия жұмыс істейді.