Фото: ашық дереккөзден
16 млн гектар алқаптан гектарына 17 центнер орташа өнімділікпен 27 млн тонна астық қамбаға құйылған. 12,2 млн гектардан бидай жиналып, 20,3 млн тонна бидай бастырылған. Бұл көрсеткіш былтырғыдан жарты миллион тоннаға көп. Сондай-ақ 4 миллион тонна арпа жиналса, бұршақ дақылдарының өнімі алғаш рет 1 миллион тоннаға жеткен. Майлы дақылдар бойынша бүгінгі күннің өзінде рекордтық 4,3 млн тонна жиналған. Айдарбек Сапаров оны жиып-теру бойынша жұмыстар әлі де жалғасып жатқанын атап өтті.
«Биыл тек дәнді дақылдар бойынша ғана емес, сонымен қатар бұршақты және майлы дақылдар сияқты жоғары рентабельді әрі сұранысқа ие дақылдар тұрғысынан да рекордтық жыл болды. Бұл дақылдарға егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде ерекше назар аударылды», деді Айдарбек Сапаров.Көкөністерді жинау ісі де мәресіне жеткен. Министр берген есепке сүйенсек, 2,9 млн тонна картоп, 3,8 млн тонна көкөніс, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналған.