Осы мәселе аясында Қарағанды облысы Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері мен Шахтинск қаласы қалалық полиция бөлімінің криминалдық және патрульдік қызметкерлері бірлесіп рейд жүргізді. Рейд кезінде «Nissan Safari» көлігін тоқтатқан кезде, жүк салғышына сойылған екі киік табылды. Аң аулауға рұқсат құжаты болмағаны белгілі болды. Бұл факті бойынша құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп, қылмыстық іс қозғалған. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті. «Браконьер» іс-шарасы өңірде әлі де жалғасып жатыр.