Ауыр атлетика • Бүгін, 08:05

Үздік үштікті түйіндеді

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бахрейн астанасы Манамада жасөпірімдердің Азия ойындары аяқталды. Сары құрлықтың әр қиырынан ең дарынды жас өрендер жиналған жарыста еліміздің спортшылары 93 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді. Жеңіп алған жүлдеміздің 24-і алтын, 29-ы күміс, 40-ы қола.

Үздік үштікті түйіндеді

Жерлестеріміз мына спорт түрлері бойынша медаль еншіледі: дзюдо – 14 (4 алтын+5 күміс+2 қола), бокс – 10 (5+3+2 қола), жеңіл атлетика – 10 (1+2+7), джиу-джитсу – 10 (1+5+4), ауыр атлетика 9 (3+4+2), аралас жекпе-жек – 9 (2+3+4), күрес түрлері – 9 (1+2+6), таеквондо 5 (2+2+1), муай-тай – 5 (1+0+4), жүзу – 4 (1+1+2), велоспорт 3 (2+1+0), жағажай волейболы – 2 (1+0+1),  триатлон – 1 (0+1+0), гандбол – 1 (0+0+1), пенчак силат – 1 (0+0+1).

Жалпы есепте Қытай құра­масы алдына жан салмады – 147 (63+49+35). Екінші орында – Өзбекстан (37+16+28). Алғашқы бестікті Иран 76 (22+18+36) мен Таиланд 48 (15+15+18) түйіндеді. Сондай-ақ Үндістан 78 (13+18+17), Гонконг 36 (13+13+10), БАӘ 31 (12+9+10), Солтүстік Корея 15 (8+5+2), Тайпей 40 (7+9+24) ТОП-10 команданың қатарына қосылды. Жарыста барлығы 31 мемлекеттің әнұраны шырқалып, 39 елдің туы биікте желбіреді.

Осыған дейін жас­өс­пірімдер арасындағы Азия ойын­дарының алауы екі рет тұ­танды. Еліміздің құрамасы 2009 жылы Сингапурде 14 (4+6+4) жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 8-сатыға жайғасты. 2013 жылы Нанжинде (Қытай) 13 (1+4+8) медаль олжалап, 13-орынды қа­нағат тұтты. Бұл жолы құра­­маның 93 жас өрені жеңіс тұғы­­рына көтеріліп, үздік үш коман­даның қатарынан көрінді.