Аймақтар • Бүгін, 09:46

5 қарашада қай тасжолдарда көлік қозғалысы шектеледі?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бүгін Шығыс Қазақстан мен Түркістан облысындағы екі жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

5 қарашада қай тасжолдарда көлік қозғалысы шектеледі?

Фото: Azattyq Rýhy

5 қараша таңғы сағат 8-ден бастап ШҚО-дағы Осиновский асуында тіркеме және жартылай тіркеме жүк көліктерінің қозғалысына қыс соңына дейін рұқсат жоқ. Шектеу Өскемен – Алтай – Катон-Қарағай – Рахман қайнары тас жолының учаскелеріне енгізіліп отыр.

Ал Түркістан облысындағы күре жолда шектеу жөндеу жұмыстарына байланысты қойылған. Аймақтағы А-15 автожолының (Жиззах – Гагарин – Жетісай – Киров – Қызыләскер – Сарыағаш – Абай – Жібек жолы) 175 және 183 шақырымы аралығындағы Келес ауданындағы учаскесі 10 қарашаға дейін жабық болады. 

«ҚазАвтоЖол» ҰК мәліметінше, бұл учаскеде көлік қозғалысының көп болуы жөндеу жұмыстарына кедергі келтірген.