Табиғат • Кеше

Құландардың саны қаншаға жетті?

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңында өткен баспасөз конференциясында бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Құландардың саны қаншаға жетті?

Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz

Спикердің айтуынша, ХХ ғасырдың ортасында бұл жануарлар ел аумағынан толықтай жойылып кеткен. 1953 жылы Түрікменстаннан Барсакелмеске 7 құлан әкелініп, аталған жануарларды табиғатқа қайта қайтару жөніндегі жүйелі жұмыстың бастамасы болған. Ғалымдар мен табиғатты қорғау ұйымдарының көпжылдық еңбегінің нәтижесінде елімізде құлан популяциясы жетерліктей қалпына келтірілген.

«Бүгінде олардың саны 4,6 мың бастан асып, жануарлар қайтадан дала және шөлейт экожүйелерінде кеңінен таралып жатыр», деді Д.Тұрғамбаев.

Айтуынша, 2024 жылы «Алтын Емел» ұлттық паркінен 42 құлан «Іле-Балқаш» резерватына және 24 құлан «Алтын Дала» резерватына қайта қоныстандырылған. Биыл күзде тағы 17 құлан «Іле-Балқаш», 19 құлан «Алтын Дала» резерваттарына жеткізілген.