Банк • Кеше

Енді ел азаматтарының несиесі кешірілмейді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова азаматтардың несиесін мемлекет есебінен жаппай кешіру тетігі қарастырылып жатпағанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Енді ел азаматтарының несиесі кешірілмейді

Фото: pinterest.com

Оның айтуынша, мұндай шара бюджеттік тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіріп, қаржы жүйесіне ауыр салмақ түсіреді. 2019 жылы жүргізілген несие амнистиясынан кейін бірқатар азаматтар қайтадан қарыз алып, оны өтеуде қиындыққа тап болған.

«Бұл моральдық тәуекел тудырады. Адамдар әр бес-алты жыл сайын амнистия жарияланады деп ойлап, қарыздарын төлеуді тоқтатады. Яғни, несие бәрібір кешіріледі деген түсінік қалыптасады»,  деді Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік басшысы қазіргі экономикалық жағдайда мұндай тәжірибені қайталау бюджетке қосымша жүктеме әкелетінін атап өтті.

«Бұл қадам қазынаға ауыр соққы болар еді. Сондықтан әзірге Үкімет бұл бастаманы қолдап отырған жоқ. Оның орнына біз баламалы шешімдер ұсынып отырмыз», деді ол.

Бұған дейін Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енетінін, алайда толық салықтық амнистия қарастырылмағанын мәлімдеген болатын.