АСТАНА. 24 маусым. Футболдан Қазақстан құрамасы 2016 жылы Испаниямен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Мұндай келісімге Алматыда футболдан Қазақстан Президентінің Кубогы үшін өтіп жатқан турнир барысында қол жетті. Федерацияның бас менеджері Асқар Ұранхаевтың айтуынша, испандармен бірлесіп жұмыс істеу өте тиімді. Аталған матч туралы ол: «Жолдастық кездесуді келесі жылы өткізуді жоспарлап отырмыз. Нақты датасын алдағы уақытта анықтаймыз. Біздің құрама үшін мұндай деңгейдегі ойын әлі болған емес», – деді.
Сондай-ақ, А.Ұранхаев елімізден бірнеше жас футболшыны Испанияға жіберу мүмкіндігінің туғанын айтты. Ол жақта жастарымыз футболдың қыр-сырын терең меңгеретін болады.
Испания құрамасы әлемдегі футбол алпауыттарының бірі екені белгілі. Олар 2010 жылы әлем чемпионатында және 2008, 2012 жылдары Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Алматыда өтіп жатқан турнирге 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысуда. Бұл сайыста Қазақстан мен Испания жастары бір топқа түскен болатын. Кеше өткен қос команда арасындағы ойында испандар 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Сурет: footballtop.ru.
• 24 Маусым, 2015
Футбол. Қазақстан Испаниямен жолдастық кездесу өткізеді

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше