Спорт • Кеше

Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Сауд Арабиясының астанасы - Эр-Риядта өтіп жатқан WTA-ның қорытынды турнирінде Елена Рыбакина табысты өнер көрсетуде, деп жазады Egemen.kz.

Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Тұсаукесер кездесуінде әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Аманда Анисимованың тас-талқанын шығарған Қазақстанның ең үздік теннисшісі екінші кезеңде үздіктер тізімінде екінші орында тұрған Ига Швентекпен шеберлік байқасты. Бәсекенің бірінші сетінде польшалық теннисші басымдық танытқанымен, одан кейін Рыбакина қарқынын күрт күшейтіп, қарсыласын бас көтертпей ұтты – 3:6, 6:1, 6:0.

Одан кейін Елена Мэдисон Кизбен күш сынасуға тиіс еді. Алайда денсаулығының сыр беруіне байланысты АҚШ теннисшісі кортқа шығудан бас тартты. Оны ресейлік Екатерина Александрова алмастырды. Бұл кездесу бүгін өтеді. Осы бәсекенің нәтижесіне қарамастан Рыбакина өз тобында бірінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды.