Фото: gov4c.kz
Бұл туралы биыл 6 қарашада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады:
«Енді қызмет алушылар өздерінің мемлекеттік қызметтерге берген өтінімдерінің мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылай алады. Ол үшін «ЦОН қызметтері» немесе «Арнайы ЦОН қызметтері» бөлімін таңдап, өтінім нөмірін енгізу жеткілікті. Бұл жаңашылдық азаматтарға өтініштерінің орындалу барысын ашық көруге және уақытын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қосымшаның «Өтінімдер тарихы» бөлімінде электрондық түбіртектерді көру және сақтау мүмкіндігі енгізілген. Бұл түбіртектер – өтініштің қабылданғанын және қызметтің көрсетілгенін растайтын құжаттар.