Анар Зинуарбекқызы Іле қазақ автономиялық облысының Күнес ауданында өмірге келген. Әдебиетпен 2014 жылдан бері айналысып келеді. Шығармалары «Батыс», «Ұлттар әдебиеті» секілді беделді басылымдарда жарық көрген.
Қаламгер байқауға эссе аталымынан қатысқан. Оның «Алты жүз шақырым жол» шығармасы Іле аймағына арналған. Ол туған жерінің табиғатын, халқының тұрмыс тіршілігін, мәдениеті мен болмысын жеткізуді мақсат еткен. Қытайдағы әдеби сыншы Лю Лянчэн Анар шығармаларына «дала әніндей кең тынысты, шөп пен бұлттың иісі сезілетін прозалар» деп баға берген.
Байқауға 756 эссе және 339 прозалық шығарма келіп түскен. Әдеби сыйлық 2002 жылдан бастап әр екі жыл сайын беріліп келеді.