Сурет: olympic.kz
Парсы шығанағында еліміздің спортшылары күрес, каратэ, муай-тай, таеквондо, ауыр атлетика, джиу-джитсу, киберспорт, семсерлесу, үстел теннисі, гандбол, жеңіл атлетика, жүзу, пенчак силат сынды спорт түрлерінде бақ сынайды. Олардың қатарында Ризабек Айтмұхан, Нұрқожа Қайпанов, Елмира Сыздықова, Алан Құрманғалиев, Кирилл Герасименко сияқты талай дүбірлі додаларда топ жарған саңлақтар бар.
Естеріңізге сала кетейік, жазғы Ислам ынтымақтастығы ойындары осыған дейін 2005 жылы Меккеде (Сауд Арабиясы), 2013 жылы Палембангте (Индонезия), 2017 жылы Бакуде (Әзербайжан), 2021 жылы Коньяда (Түркия) ұйымдастырылды. Сол жарыстардың барлығына да еліміздің өрендері қатысып, жалпы алғанда 134 (42 алтын+36 күміс+56 қола) жүлде жеңіп алды.